Иордандық ханзада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы иордандық ханзада Зеида аль-Хуссейнді адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар лауазымына тағайындады, деп хабарлады РИА Новости.

Бұдан бұрын иордандық ханзаданың кандидатурасын бекіту ниеті туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеген болатын.

БҰҰ жанындағы Иордания тұрақты өкілдігін басқарған Зеид аль-Хуссейн қыркүйекте Оңтүстік Африкалық Нави Пиллейді ауыстырып, адам құқықтары жөніндегі комиссар лауазымына ресми кіріседі.

«Азиялық құрлықтан, сондай-ақ мұсылман, араб әлемінен жоғарғы комиссар атанған алғашқы адам мен болдым», - деп атап өтті БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Зеид аль-Хуссейн.