Иорданияның БАҚ істері және коммуникациялар жөніндегі министрі Мохаммел Моманидің айтуынша, Иранның қазіргі саясаты дағдарыс пен аймақтағы тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады.
Министр сондай-ақ Тегеранды көршілес араб елдерімен сенім қатынастарын құруға шақырды.
Қаңтар айының басында Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қатынастарды үзді. Бұған Тегеранның мәлімдемелері мен Ирандағы Сауд Елшілігіне жасалған шабуыл себеп болған.