Құжатта Қызыл теңізден Өлі теңізге дейін құны 400 миллион АҚШ доллары болатын су құбырын тарту қарастырылған.
Сарапшылардың дерегі бойынша, Өлі теңіздің деңгейі жыл сайын бір метрге жуық төмендеп барады. Теңіз деңгейінің төмендеуіне оған құятын Иордан өзені суының ауыл шаруашылығына жұмсалуы себеп болып отыр, деп хабарлайды «Азаттық».