Иордания консерваториясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның Иордания Хашимиттер корольдігіндегі елшісі Болат Сәрсенбаев 24 қаңтарда Корль Хусейн қорының Ұлттық музыкалық консерваториясының директоры Хуссейн Киф Факхуримен кездесті. Бұл туралы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тәуелсіздік тойының 20 жылдығына және Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымындағы төрағалығына арнап Амманда Қазақ ұлттық өнер университетінің өнер ұжымдарының концертін өткізу мәселесі талқыланды. Концертті 14 ақпанда өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Иордания университеті мен Қазақ ұлттық өнер университетінің арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері сөз болды. Ақпан айына жоспарланған шараның аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.