Корольдің сөзі Өкілдер палатасы (төменгі палата) және Сенат (жоғарғы палата) кіретін жаңа парламент жұмысының ресми басталуын білдіреді.
Монарх өз сөзінде ұлттық саясаттың негізгі бағыттарын атап өтті, реформалардың маңыздылығына тоқталды және қазіргі аймақтық міндеттер туралы айтты.
Король жаңа парламент бағдарламалық партиялардың рөлін күшейтуге, сондай-ақ әйелдер мен жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыруға бағытталған саяси реформаларды жүзеге асырудың негізіне айналады деген сенім білдірді. Ол парламент пен үкіметтің Конституция қағидаттарына сүйене отырып, бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.
Абдулла II экономиканы жаңғыртуды жүзеге асыруды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Ұлттық экономиканың әлеуетін ашу, өсуді жеделдету және жастарды болашақ мамандықтарға дайындау сынды басты мақсаттарды атады.
«Біздің мақсатымыз – лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және оларды болашағының жарқын болуына жұмыс жасау. Біз ұлттық экономиканың әлеуетін ашып, тұрақты өсімге қол жеткізу үшін экономикалық реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруымыз керек», - деді монарх.
Монарх сонымен қатар азаматтарға қызмет көрсетудегі тиімділік пен әділеттілікті арттыру үшін мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті.