Монарх парламетті таратып жіберу шешімін жаппай наразылық білдіру акцияларына байланысты қабылдады. Акцияға қатысушылар саяси реформаларды өткізуді талап етуде. Уақытынан бұрын сайлау 2012 жылдың аяғына дейін өтуі мүмкін, дегенмен оның нақты мерзімі айтылмай отыр. Бұның алдындағы шақырылым уақытынан бұрын 2009 жылы таратылған болатын.
10:43, 05 Қазан 2012
Иордания Королі ІІ Абдалла ел парламентін таратып жіберді
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Иордания Королі ІІ Абдалла елдің заңнама жиналысының уақытынан бұрын сайлауын белгілеу үшін парламентті таратып жіберді, деп хабарлады Би-Би-Си.