Бұған дейін қауіпсіздік қызметі және әскери басшылықтың кеңесінде король соғыс «Ислам мемлекеті» жаулап алған шекараларда болатынын ескерткен. «Лейтенант Моаз әл-Касасбидің қаны босқа төгілген жоқ», деген болатын король. Сәрсенбі күні таңда иордания билігі өртенген ұшқыштың кегін қайтару үшін тұтқындағы екі содырды өлтірді.
05:18, 05 Ақпан 2015
Иордания королі «Ислам мемлекеті» содырларымен аяусыз соғысатынын мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жиһадшылар бекінген аймақтарды бомбалау кезінде қаза тапқан иордалиялық ұшқыштың өлімінен кейін Иордания королі Абдоллла ІІ «Ислам мемлекеті» содырларымен аяусыз соғыс жүргізетінін мәлімдеді, деп жазады ВВС.