«Иордания делегациясы алғаш рет сөз сөйледі. Байқаушы ретінде қатысуда. Король Абдолла соғысты тоқтату режімін толықтай қолдайды», - деді келісссөздерді ұйымдастыруға қатысы бар дереккөзі.
Еске сала кетейік, бүгін, 16 ақпан күні Сирия ахуалын реттеуге байланысты Астана процесінің аясында жоғары деңгейде кезекті отырыс өтеді. Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, отырыста Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақтау мәселелері, соның ішінде нақты территорияларда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады деген жоспар бар. Сондай-ақ бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режімді күшейту және Женева келіссөздері алдындағы басқа да шаралар талқыға салынбақ. Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр.
Бұған дейін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінен кейін елордада xалықаралық теxникалық кездесу өтті. Соның нәтижесі бойынша РФ Қарулы Күштері Бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған болатын.