Иордания Королінің ұшағын Қазақстанның әскери ұшақтары қарсы алды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейн Астанаға ресми сапармен келді.

Мәртебелі мейман мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Фото: Акорда

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейнді қарсы алды.

Ертең мемлекеттер басшылары келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысады.