Иордания сенаторына АӨІСШК-ге 20 жыл мерекелік медалі тапсырылды
15:04, 03 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат -Кеше, 2 желтоқсанда Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев Корольдіктің Парламенті Сенатының депутаты, 2012 жылғы 10 қазанға дейін Премьер-министр лауазымын атқарған Фаиз әл-Тараунамен кездесті.
Бұл жайлы Иорданиядағы ҚР елшілігінен хабарлады.
Елші иордан саясаткерін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Тәуелсіздіктің 21 жылы ішіндегі жетістіктері жөнінде қысқаша хабарлады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атты жаңа мемлекеттік мейрамы құрылғаны туралы айтты. Бұл мейрамды тойлау Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы қыруар еңбегін бағалау болып табылады.
Кездесу барысында Ф.Тараунаға «Азиядағы өзара іс-шара және сенім шаралары кеңесін шақыру бастамасына 20 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.