Кездесу барысында елші иордан Парламентінің басшысына үстіміздегі жылғы 27-29 тамыз аралығында жоспарланған «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин жолдаған ресми шақыруды қолма қол тапсырды.
Иордания Парламенті Мәжілісінің Бас хатшысы М.Рудейни өз кезегінде шақыру үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанға баруға шынайы мүдделігін танытты.