Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, аталған медальмен Хашимит Король сарайының Камергері Ханзада Раад бен Зейд марапатталды. Ол 1993 жылға ақпанда алғашқы иордандық ресми делегацияны Қазақстанға бастап келген болатын. Бұл сапардың барысында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылған болатын.
Сонымен қатар, мерекелік медальмен Иорданияның көрнекті саясаткері, Вице-премьер, Көлік министрі және Амман қаласының мэрі лауазымдарында қызмет еткен Али Сухеймат марапатталды.