18 қараша, сәрсенбі күні Иорданиядағы әскери жаттығу кезінде Black Hawk тікұшағы апатқа ұшырады. Иордания Қарулы Күштерінің Бас қолбасшылығының мәліметі бойынша, бес әскери қызметші зардап шеккен, олардың бірі ауыр жарақат алды.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, төрт әскери қызметші жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы Әлия патшайым әскери ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алып жатыр.
Қолбасшылық зардап шеккендердің жағдайы үнемі бақыланып жатқанын және оларға медициналық көмек көрсету басымдық екенін атап өтті.
Black Hawk — әскерлерді тасымалдау, іздеу-құтқару миссиялары және арнайы операциялар үшін пайдаланылатын көп мақсатты әскери тікұшақ, Америкадан шығады. Апаттан кейін бірден оқиға орнына мамандандырылған бөлімшелер келіп, тазалау және қауіпсіздік операцияларын бастап кетті.
Апаттың себебі мен нақты орны ресми мәлімдемелерде айтылған жоқ.
Қолбасшылық сонымен қатар азаматтарды қауесет таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Бұған дейін Түркияда S-70 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер қаза тапқанын хабарлағанбыз.