Қайғылы жағдайдың болуына Өлі теңіз ауданындағы су тасқыны себеп болған.
Иорданияның азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметтеріне қарағанда, көлікте 44 адам болған, оның 37-сі мектеп оқушысы. Із-түзсіз кеткен 12 адам іздестірілуде. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған.