Иорданияда сайлаушылардың 81,6 пайызы дауыс берді

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің жанындағы №222 сайлау учаскесі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша өз жұмысын аяқтады.

Сайлаушылардың 81,6% дауыс берді, деп хабарлады елшіліктен.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде Иордания тарапынан сайлауға Ішкі істер министрлігі жанындағы сайлау бойынша департаменттің директоры Саад Хусейн әл-Шахаб басқаратын делегация қатысты.

Қазақстанның сайлауы туралы мақалалар Иордания БАҚ-тарында жиі жарыққа шықты. Иорданияның «Petra» ұлттық ақпарат агенттігі, «ад-Дастур», «Джордан Таймс» газеттері, сондай-ақ бірнеше интернет-басылымдары сайлау жүйесін демократизациялау бойынша Қазақстанның ұмтылыстарына жоғары баға беретін мазмұнды мақалалар жариялады.