Иорданияда түйе жарысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вади-Рам шөліндегі дәстүрлі сайысқа 240 түйе қатыстырылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Бұл - ел астанасы Амманнан 240 шақырым қашықтықта орналасқан жер.  Әдетте жарыс таң ата, күн ысымай тұрғанда басталады. Түйелер екі жағынан қоршалған жолмен жүгіреді. Ал автокөлікке мінген иелері қасында жүріп, дауыстап дем беріп тұрады. Түйелер мұндай қиқуды арқасына ілінген дауыс зорайтқыштар арқылы естиді.

Бұрын түйелерге балалар мініп алып жарысатын. Алайда соңғы кезде балаларды аламанға қатыстыруға тыйым салынды. Түйе жарысы - араб елдерінің ең сүйікті ермегі. Оған жанкүйер болу үшін бүкіл Иордания және өзге де елдерден адамдар ағылып келеді.