Иорданиядағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды — БАҚ

АСТАНА. KAZINFORM — Иордания астанасы Аммандағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды. Бұл туралы Reuters жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Фото: Al Jazeera

«Иордания полициясы Израиль елшілігі орналасқан аумақты қоршауға алғаннан кейін атыс естілген», — делінген агенттік хабарламасында.

Куәгердің сөзіне қарағанда жергілікті полицейлер аумақты қоршаған, аталған аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаруланған адам көз жұмған, бұдан бөлек 3 полицей атыстан жараланған.

Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай Иордания соты ел парламентінің бұрынғы депутаты Имад әл-Адуанды 10 жылға соттады. Оған Иордан өзенінің Батыс жағалауына контрабандалық жолмен қару тасымалдаған деген айып тағылды.