Иорданиядағы әскери қоймада жойқын жарылыс болды

АММАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Иорданияның Эз-Зарка қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің Petra агенттігіне сілтеме жасап.

Иорданияның мемлекеттік ақпарат министрі Амджад Адайле мерзімі өткен оқ-дәрі сақталған қоймада жарылыс болғанын растады. Қойма қарулы күштерге тиесілі. Ол ешкім тұрмайтын жерде орналасқан.

Тергеудің алғашқы нәтижелері бойынша жарылыс қысқа тұйықталу салдарынан болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Бас қолбасшылықтың мәліметінше, қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккендер жоқ.