деп хабарлайды Al-Arabiya телеаранасына сілтеме жасаған РБК агенттігі.
Иордания билігіне наразалық танытушылар тарапының өзінен ғана оқиғаға шамамен 2 мың адам қатысты деп хабарланған.
Елдің Премьер-Министрі Маруф әл-Бахит болған оқиғаларға исламистер жауапты екенін, алда тағы да жаңа қақтығыстар болса, оның салдары қатты болатынын мәлім етті.
Иорданиядағы наразылық шаралары 2011 жылғы қаңтардың соңынан бері жалғасып келеді. Наразы халық саяси реформалардың жүргізілуі мен жемқорлыққа қарсы тиімді шаралар қабылдануын талап етуде.
Ақпан айында Иорданияның королі Абдалла ІІ наразылық танытушылардың тілектерін қабыл алып, ел үкіметін отставкаға жіберген болатын.