Корольдік Хашимит соты жексенбі күні король II Абдалла Бишер әл-Хасавне кабинетінің отставкасын қабылдады.
Бұрынғы Премьер-министр оның үкіметі COVID пандемиясы әлемді шарпыған ерекше уақытта келгенін айтып, Министрлер кабинеті денсаулық сақтау саласын нығайту және пандемияның экономикалық әсерін азайту үшін шаралар қабылдағанын атап өтті.
Алдыңғы үкіметтің отставкасын қабылдап, сол күні король II Абдалла король кеңсесінің басшысы Джафар Хасанды Иорданияның жаңа премьер-министрі етіп тағайындап, оған жаңа министрлер кабинетін құруды тапсырды.
Иордания Конституциясына сәйкес, король премьер-министрді тағайындайды, содан кейін ол үкіметті құрады.
Бишер әл-Хасавне үкіметі жаңа министрлер кабинеті жасақталып, қызметіне кіріскенше уақытша үкімет ретінде жұмыс істей береді.
Айта кетейік, Иордания елшісі Қазақстанның кез келген ұсынысын қабылдауға дайын екенін айтқан болатын.