Иорданияның қоғам қайраткерлері, әдебиетшілері мен БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты
Иорданияның «Петра» университетінде өткен бұл шараға университет оқытушылары, иордан-қазақстан достық қоғамының мүшелері, жазушылар мен әдебиетшілер одағының өкілдері, қоғам қайраткерлері, иорданиялық «Әл-Дустур» («Конституция»), «Әл-Рай» («Пікір») басылымдарының тілшілері қатысты, деп хабарлады Қазақстан елшілігінен.
«Дөңгелек үстел» отырысына қатысушыларға ҚР Конституция күні және біздің еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы баяндама таныстырылды. Сондай-ақ, жиналған қауымның назарына Астана және республика туралы деректі фильм, слайдтар көрсетілді, осы тақырып бойынша араб тіліндегі баспасөз баяны таратылды.
«Дөңгелек үстел» отырысы жиналған қауымның үлкен ықыласын туғызды, қызу диалог болды.