Министрліктер мен бірқатар іскерлік компаниялардың шақыруы бойынша бұл рәсімге Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев қатысты, деп хабарлады Елшіліктің баспасөз қызметінен.
Орталықты ашу туралы шешім екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету және экономикалық-сауда қатынастарын нығайту мақсатында қабылданған болатын.
Қазақстан да Амманда Қазақстан-Иордания бизнес-қауымдастығының өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. Орталық тек Иорданиямен ғана емес, Таяу Шығыс елдерімен іскерлік қатынасты дамытуға мүмкіндік береді.