Иорданияның Ярмук университеті мен Қазақ өнер университеті студенттермен және оқытушылармен алмасады
деп хабарлады ҚР-нің Иорданиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.
Делегацияны университет ректоры Айман Мұсақожаева басқарды.
Сапар барысында Ярмук универитетінің президенті Абдалла Әл-Мұсамен және Король Хұсейн қоры Ұлттық музыкалық консерваториясының директоры Кифа Факкуримен кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында өнердің әр саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар таяудағы уақытта Ярмук университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті арасында келісімге қол қоймақ, оның негізінде одан әрі студенттермен және оқытушылармен алмасу көзделуде. Ярмук университетінің оқытушылары мен студенттері үшін концерт ұйымдастырылды.
21 қыркүйекте Аммандағы Король Хұсейннің мәдениет орталығында Амман симфониялық оркестрінің концерті болды, оған ҚР халық әртісі А.Мұсақожаева басқарған Қазақ ұлттық өнер университетінің талантты жас орындаушылары қатысты.
Бұл шара ҚР-нің Иорданиядағы елшілігінің қолдауымен ағымдағы жылғы 14 ақпанда Қазақ ұлттық өнер университеті мен Король Хұсейн Ұлттық музыкалық консерваториясы арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумның арқасында өткізілді.
Шара барысын Иорданияның танымал БАҚ-тарының журналистері кеңінен жариялады.