Иорданның Батыс жағалауының тұрғындары Аббасты сайлауға қатысуға шақыруда

АСТАНА.  Қарашаның  9-ы.  ҚазАқпарат - Жексенбі  күні    Иордан өзенінің   Батыс  жағалауының  мыңдаған тұрғындары     қала көшелеріне   шығып,     Махмұд  Аббасты  Палестина   ұлттық әкімшілігінің басшылығына    өз  кандидатурасын   қайта  ұсынуға   шақырды,

деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. 

Ұлттық жалауларды   ұстап шыққан  Аббастың  жақтаушылары   

палестиналықтар        тәуелсіз  мемлекеттің  негізін    қалауды   ниет етіп отырған  Батыс  жағалаудағы   елді-мекендерді  аралап жүрген     өз жетекшілерін         қарсы алды.

Аббас     жетекшілік ететін  ФАТХ  қозғалысының  үндеуі  бойынша Хеврон   қаласында   митингке  жиналған   мыңдаған  адамдар да  Махмұд  Аббасты   Палестина      автономиясының басшылығынан  кетпеуге     шақырып отыр.

Автономия  басшысы  өткен  бейсенбі күні мәлімдеме     жасап, жаңа президенттік мерзімге    кандидатурасын   ұсынбайтынын   жария еткен   еді.    Бұл шешімін  ол,   Израильмен арадағы бейбіт келісімде ілгерілеушіліктің  жоқтығымен,   сондай-ақ    Каир    ұйытқы  болып отырған  палестинаралық   диалогтың       нәтижесіздігімен   және    автономияда  бірлікті  қалыптастыру жөніндегі мысырлық   бастаманы  ХАМАС-тың  қабылдаудан бас тартуымен   негіздеп  отыр.

Қазан  айының  соңында Махмұд  Аббас    Иордан өзенінің  Батыс  жағалауында, Газа секторы  мен  Шығыс Иерусалимде 2010 жылы қаңтардың 24-інде      президенттік  және парламенттік  сайлау  өткізу  туралы   жарлық     шығарған    болатын.     Мысыр  ұйытқы   болған  ФАТХ пен  ХАМАС  қозғалыстарының  арасындағы    бейбіт диалог   тығырыққа тірелгеннен кейін,  осындай шешім қабылданған    еді.