Иосиф Кобзон дауыс беруге келген адамдардың кезекте тұрғанына таңданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасының депутаты, қоғам және мәдениет қайраткері Иосиф Кобзон ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауында Қазақстан халқының ынтымағына таңданды.

«Мәжілістегі сайлау өткен жылдағы президенттік сайлаудағыдай бірлікте және ынтымақтастықта өтетініне күмәнім жоқ. Жақсы жайдары сезімде ел тұрғындары сайлау учаскелеріне ағылуда. Адамдар бұл сайлаудан өмір сүру жағдайының жақсаруын күтіп отыр», - деді ол Оқушылар сарайында орналасқан № 81 сайлау учаскесінде тілшілерге берген сұхбатында.

Бұл ретті ол бүгінгі сайлау ашық әрі заң тәртібіне сай өтіп жатқанын айта келе, дауыс беруге келген адамдардың кезекте тұрғанына таңданғанын жеткізді.

«Біз конституциялық негіздің сақталуының және сайлаудағы ынтымақтастықтың куәгері болып отырмыз. Адамдар елдің болашағы үшін өздерінің азаматтық құқығын білдіру тұрғысында кезекке тұрып жатыр. Өкінішке қарай, бізде Ресейде сайлауға бұндай кезек түзілмейді», - деп түйіндеді Иосиф Кобзон.