Иосиф Кобзон: халық сайлауға шын жүректен дауыс беруге келіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық сайлауға шын жүректен дауыс беруге келіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында КСРО Халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон мәлім етті.

"Мен бауырлас елге келіп отырмын. Қазақстанға бауыр басып қалғаным соншалық, мен бұл ел туралы шексіз айтып отыра аламын. Мен Қазақстанға алғаш рет 1956 жылы әскери міндетімді атқару үшін келген болатынмын. Қостанай облысында тың игеруге қатыстым. Содан бері мен Қазақстанды жақсы көремін. Сол уақыттан бері мен бұл елге жыл сайын келіп отырамын", - дейді И. Кобзон.

Оның айтуынша, Қазақстандағы сайлау xалықтың өте үлкен белсенділігімен өтіп жатыр.

"Байқаушы ретінде айтайын дегенім, сайлау өте белсенді өтуде, xалық шын жүректен дауыс беріп жатыр. Барлық жерде кезек көп. Мен үлкен қызығушылықпен қарадым, себебі біздің елде биыл сайлау өтеді және олардан осындай азаматтық көзқарастарын осындай белсенділікпен танытқандарын қалар едім", - деді РФ байқаушысы.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.