Иосиф Кобзон сахнадан кетпек

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Әнші Иосиф Кобзон мерейтойлық турынан кейін сахналық қызметін тоқтатпақ. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

«Биыл мен 75 жасқа толамын. 60 жылдық мерейтойлық кешімде сахнадан кететінімді жариялағанмын. Бірақ ол кезде мұның реті келмеді. Осы жылы шынында да нүкте қоймақпын, өйткені мен біраз жолдан өттім,  мен бар күш-жігеріммен жұмыс істеуге үйренгенмін, алайда күш азайып келе жатқанын сеземін, оның үстіне маған қолқа салушылар да азайып бара жатқанын байқап отырмын. Мен сахнадан лайықты қадіріммен кеткенді жөн санап отырмын»», - деді Кобзон.