деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Операция сәтті өткен, қазіргі уақытта Кобзон өзін жақсы сезінеді. Не нәрседен операцияға жасалғаны нақтыланбаған.
Қыркүйекте 72-ге толатын әншінің денсаулығы 2001 жылы сыр бере бастаған болатын. Сол кезде ол қаны уланған деген диагнозбен бірнеше күн аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 2004 жылы Кобзоннан ісік анықталып, алғаш рет операция жасалды, содан бері ол тұрақты амбулаториялық бақылауға алынды.