АСТАНА. ҚазАқпарат - iPhone 6 смартфонының жаппай сатылымына екі апта және оның ресми таныстырылымына әлі бірнеше күн бар болса да, Нью-Йоркте Apple компаниясының фирмалық дүкенінің алдында жаңа смартфонды бірінші болып сатып алуға ниеттілердің кезегі тізіле бастады.
Жаңа құрылғының параметрлері әзірге нақты белгілі емес. ВВС-дің жазуынша, ресми таныстырылым 9 қыркүйекке белгіленсе, ал оның сатылымы 19 қыркүйекте жүзеге асырылады деп күтілуде.
Алайда компанияның Нью-Йорктегі бас дүкенінің маңында бірнеше адам кезек алып, ол жерге шатыр құрып, қаптөсектерін алып келген екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.