АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қарашадан бастап «Кселл» АҚ iPhone 6 және iPhone 6 Plus сатылуының басталуы туралы жариялады. Ресми смартфондарды алғашқылар қатарында Алматы және Астана тұрғындары клиенттерге қызмет көрсетілетін барлық флагман (жетекші) орталықтарында сатып алуларына болады, содан кейін, 17 қарашадан бастап, осы жаңа бұйымды Қарағанды, Шымкент, Ақтау мен Атырауда, ал 20 қарашадан бастап елдің өзге қалаларында сатып алуға болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
«Сіздерге желімізде iPhone қатарының кеңеюі туралы хабарлауға қуаныштымыз, ол Apple-дің бүкіл тарихында қарқынды алға ұмтылуға ие болған осы смартфондардың алтыншы сериясының үлгілерімен толықтырылды», - деп «Кселл» АҚ ауқымды нарықты дамыту жөніндегі директор Хикматулла Насритдинходжаев баспасөз-брифингінде хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың мамыр айының аяғында компания iPhone смартфондарын сатылымға жіберген Қазақстандағы тұңғыш ұялы операторы болды.