iPhone 7-нің iPhone 6-дан қандай артықшылықтары болады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - iPhone 7 дисплейі iPhone 6-нікіне қарағанда үлкенірек болмақ. Бұл туралы The International Business Times-ке сілтемемен Lenta.ru жазады.

Деректерге сәйкес, iPhone 7-нің дисплейі iPhone 6 Plus-ке (диоганалі бойынша 5,5 дюйм) қарағанда үлкен болмақ. Бұдан басқа, бәсекелестеріне кей тұстарының кемшілігінен жол берген iPhone 5 қателігін болдырмау үшін оның бейнеролик көрсету сапасы жоғары, яғни анық әрі тұнық болмақ.

Фронтальдық панельден саусақ таңбасы тетігімен болмауы мүмкін, есесіне сенсорлық экрандағы интерфейстің навигация мүмкіндігі жетілдірілмек. Аппаратты ашу үшін адам түрін тану технологиясы пайда болады деп күтілуде.

iPhone 5S шығар алдында кей БАҚ саусақ таңбалары сканері экранға орналастырылады деп болжаған. Бірақ бұл тек болжам болып шықты.

iphone 7 update ресурсының болжамынша, Apple смартфонының экраны жақұт шыныдан жасалуы мүмкін. Ол Gorilla glass жабындысына қарағанда төзімді болып келеді. Аппарат корпусы тұтастай «сұйық металдан» жасалуы мүмкін.

Ұзақ уақыттан бері iPhone камерасы тұнықтығы 8 мегапиксель болып келеді. Енді ол 14-ге дейін ұлғаяды. Құрылғының сондай-ақ кіріктірме проекторы болмақ. Бұл бизнес пайдаланушыларын қызықтыруы мүмкін. Бұрын мұндай артықшылық Samsung Beam пен Lenovo планшетінде болған.

БАҚ iPhone 7-нің төрт ядролы процессоры болады деп болжауда. Жады көлемі - 256 гигабайтқа дейін ұлғаяды. Сонымен бірге, электр үнемдеу технологиясының арқасында батареяның жұмыс мерзімін ұлғайту күтілуде.