Bangkok Post басылымының жазуынша, 28 жастағы Пхисит Чанглек өткен жылдың қарашасында электр тоғынан мерт болған еді. Ол қуат көзіне қосылып тұрған смартфонды қолына алған кезде қысқа тұйықталу орын алған әрі Чанглекті тоқ соққан. Қаза тапқан азаматтың қолы мен кеудесін қатты күйік шалған. Сот медициналық сараптамасы да оның электр тоғынан өлгендігін дәлелдеп отыр.
«Қаза тапқан адам пайдаланған ұялы телефон сертификатталған түпнұсқа iPhone телефоны болған. Алайда, қысқа тұйықталу орын алған қуаттандырғыш Apple компаниясының өніміне көшірме жасаған басқа фирманың жалған құрылғысы екені анықталды», - делінген аталған іске тексеру жүргізген комиссияның мәлімдемесінде.