Келеңсіз жағдай Чумпорн провинциясында орын алды. Екі діни қызметші қайыр тілеп, күріш сататын дүкенге кіріп келеді.
Сатушы олардан күдіктенбей, екінші қабатта салқындатқыш орнатып жатқан жұмысшыларды қадағалап жүрген дүкен иесін шақыруға кеткен, деп хабарлайды Daily Mail .
Қараусыз қалған сәтте монахтардың біреуі ләпкеде жатқан iPhone алып өзінің жамылғысының ішіне тыққан. Артынша арам ойлылар тездетіп іздерін суытады.
Дүкен иесі ұрылар туралы хабардар еткенге сыйақыға 5000 бат (шамамен 150 доллар) беруге ұйғарып отыр. Ұялы телефон ол үшін тым бағалы екен. Өткені онда банкі есепшоты, барлық іскерлік байланыстары жөніндегі деректер базасы бар көрінеді.
Полиция оларды монахтар емес, ұрлық жасау үшін жалған атты жамылғандар деп есептейді.