Бұл шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк қабылдаған. Несие беру талаптары да өзгереді. Мамыр айының ортасынан бастап банк несиелері мен микрокредиттердің пайыздық шегі қайта қаралады.
Мысалы, кепілсіз берілетін несиелердің жылдық тиімді мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. Ал кепілмен алынатын қарыздар үшін бұл көрсеткіш 35%-дан жоғары болмайды.
Халық арасында кең тараған микрокредиттерге де шектеу күшейеді. Енді мұндай қарыздардың үстінен қосып төленетін ақы шектеледі. Ол жылына 179%-дан аспауы керек.
Сондай-ақ, несиеге қатысты барлық комиссия мен қосымша төлемдер енді бір пайыздың ішіне енгізіледі. Қарыз алушы нақты қанша төлейтінін бірден көре алады.
Айта кетелік Ұлттық банк 20 000 теңгелік банкнотаны келесі жылы айналымға шығарады.