деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ипотекаға салынған тоғыз қабаттық үй Усольский шағынауданында бой көтерген. Ғимаратта 72 пәтер бар, оның 36-сы бір бөлмелі, 18-і екі бөлмелі және тағы 18-і үш бөлмелі пәтер. Жаңа пәтерлерге мемлекеттік қызметте істейтін жас отбасылар мен коммуналдық кәсіпорындар жұмысшылары ие болды.
«Усольский шағынауданы қаладағы ең әдемі және абаттандырылған ауданға айналып келеді», - деді пәтерлерді аралаған қала әкімі Б.Жоламанов.