Ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерге қатысты заң жобасының таныстырылымы өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 15-і күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы ипотекалық кредиттер арқылы тұрғын үй сатып алатын азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Сонымен қатар заң жобасында бағалы қағаздар нарығында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, инвесторлардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру арқылы қаржылық қызметтер сапасын арттыру жөніндегі нормалар қарастырылған.