«Полицияға ипотека рәсімдеу мәселесінде алданған елорда тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, оның танысы ипотека рәсімдеуге көмек көрсете алатынын айтқан. Биыл сәуір айында күдікті өзінің қызметі үшін 2 млн 200 мың теңге алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған. Алданып қалған әйелдің айтуынша, танысы екінші деңгейлі банктерде бұл мәселені шеше алатын адамдары бар екенін айтып сендірген», - делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.
Ұзақ күткен ипотекасынан нәтиже болмағасын, әйел күдіктіге қатысты полицияға арыз түсірген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті құрықталып, «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.