Ирак әскері Мосул қаласының 40 пайызын өз бақылауына алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак әскері Мосул қаласының 40 пайызын өз бақылауына алды. Бұл туралы елдің лаңкестікке қарсы қызметінің генералы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір шаһарға кіретін күре жолдың барлығы билік әскерінің қол астында. Сондықтан ондағы лаңкестер толықтай қоршауда қалған. Бірақ содырларға соққы жасау әзірге кідіріп тұр. Өйткені олардың бақылауындағы аймақта 600 мың бейбіт тұрғын бар. Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» бейресми астанасы саналады. Үкімет әскері оны азат етуге өткен жылдың қазанында кіріскен. Оған Ирак жауынгерлерімен бірге АҚШ басқаратын халықаралық коалиция жасағы да атсалысып жатыр.


Дереккөз: "Хабар 24" арнасы