«Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» шаһарды екі жыл бұрын басып алған. Соның кесірінен бүгінде мыңдаған жергілікті тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж.
Негізі бұл шаһар елдегі экстремистердің тірегі саналатын Мосул қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Ал Мосулдың өзі 2014 жылдың жазында «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» мүшелерінің уысына өткен еді. Биыл наурыздан бері ел әскері мен күрд жасағы халықаралық коалиция қолдауымен оны азат ету операциясын жүргізіп келеді.