Ирак мешітінде болған жарылыс салдарынан 40-тан астам адам ажал құшты

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Ирактың солтүстік-шығысында орналасқан Туз-Хурматли қаласында жанкешті-лаңкес адамдар намыз оқып жатқан кезде шиит мешітінің ортасында өзін-өзі жарып жіберді, деп хабарлады Agence France-Presse. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жойқын жарылыс 42 адамның өмірін жалмады, кем дегенде 75 тұрғын жарақаттар алды.

Зардап шеккендердің арасында жергілікті шенеуніктер мен тайпалардың басшылары бар. Билік өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, сол күні адамдар мешітке содырлар өлтірген жергілікті саясаткердің туысын еске алу үшін жиналған.

Әзірге ешбір топ лаңкестікті мойнына алған жоқ. Полиция жарылысты ұйымдастыруда суннит содырларын күдікті ретінде қарастыруда.