Ирак парламентінің депутаты «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонақта болды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Жақында елімізде сапарда жүрген Ирак Парламентінің сыртқы байланыс комитетінің төрағасы Хаммам Хамуди Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонақта болды.

Астанада биылғы жылдың жазында ашылған мешіттің сән сәулетін тамашалап шыққан мейман бас имам Қайрат Жолдыбайұлымен кездесті. Жүздесу барысында Қазақстандағы өркендеп келе жатқан ислам дінінің жағдайымен танысып, әңгіме құрды.

Сонымен қатар, Ирак депутаты әңгіме соңында өзінің еңбектерін мешітке сыйға тартты.