Ирак премьер-министрі үйінің төбесінен жарылмаған снаряд табылды

КАИР. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимидің Бағдад орталығындағы нығайтылған жасыл аймақтағы резиденциясының шатырынан жарылмаған снаряд табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sky News Arabia телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта саперлер оны залалсыздандыруға тырысуда.

Өткен түнде Бағдадта үкімет басшысының өміріне жарылғыш заты бар дрон шабуылдаған. Шабуыл салдарынан әл-Казими зардап шеккен жоқ, премьер-министрдің қауіпсіздік қызметінің бірнеше қызметкері жарақат алды. Тұрғын үй елеулі материалдық шығынға ұшырады - ғимараттың терезелері сынған, есіктер ұшып кеткен, құрылымдар бүлінген. Осыдан кейін «жасыл аймаққа» барлық кіреберістерде қауіпсіздік шаралары айтарлықтай күшейтілді.

Ирактың INA агенттігінің елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, үш дрон шабуылдаған, олардың екеуі атып түсірілген, ал үшіншісі резиденцияға тиген. Сонымен қатар, шабуыл алдында астананың орталығында қызу атыс болған.

Көптеген араб және әлем көшбасшылары Ирак премьер-министріне қастандық жасау әрекетін айыптады.