17:20, 24 Наурыз 2009
Ирак президенті күрд содырларына үзілді-кесілді талап қойды
МӘСКЕУ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Ирак президенті Жәлал Талабани Күрд жұмысшы партиясының содырларына қаруларын тастауды немесе елден кетуді ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Түркия президенті Абдолла Гүлмен кездесуінде Талабани күрд содырлары Ирактың солтүстігінде 500 елді мекенді қалпына келтіруге кедергі жасап отырғанын хабарлады, жергілікті тұрғындар қауіптен сескеніп, үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Оның айтуынша, Күрд жұмысшы партиясының содырлары екінің бірін таңдауы ? қаруларын тастауы, немесе ирак аумағынан кетулері тиіс. Ирак мемлекеті басшысының пікірінше, оларға әскери соққы беруге болмайды, мұндай қадамнан жергілікті тұрғын күрдтер мен түріктер зардап шегуі ықтимал. Ол жағдайды саяси жолмен реттеуді ұсынды.