Араб телеарнасы «Ислам мемлекетіне» қарсы халықаралық коалицияның АҚШ-тық үйлестірушісі Джон Алленнің мәлімдемесін келтіреді. «Таяу уақытта Ирак әскерінің ірі шабуылы жоспарлануда», - деді жоғары қызметтегі америкалық өкіл.
Бұл ретте Дж. Аллен құрлықтық науқан халықаралық коалицияның қуатты шабуылына ұласатынын айтты. Сондай-ақ, америкалық дипломат америкалық қаруды жеткізуде және майдан желісінде ирак әскерін оқыту барысында кідіріс орын алғаны жөніндегі айыпты жоққа шығарды.
«Құрама Штаттар әріптестеріне жылдам қолдау көрсету үшін қолдарынан келгенін жасауда», - деп мәлімдеді Дж. Аллен.
АҚШ Ирак пен Сирия аумағының бөлігін басып алған ИМ содырларына қарсы әскери-әуе операциясын басқарады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Керри жуырда өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде коалиция 2014 жылғы тамыздан бастап «Ислам мемлекеті» нысандарына 2000-нан астам әуе соққысын жасағанын атап өтті. Алдын ала деректер бойынша, әуе соққысы салдарынан содырлар 200-ге тарта мұнай, газ нысандарынан айырылған.