Ирак үкіметі НАТО миссиясының елде қалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады

БАҒДАД. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Ирак үкіметі НАТО миссиясының елде қалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұған дейінгі келісімнің шарты бойынша,

НАТО  миссиясының   мерзімі   ағымдағы жылы   шілденің 31-інде аяқталуы  керек   болатын. Бұл туралы       кеше,  шілденің 20-сы күні Бағдадта    Ирак үкіметінің ресми   өкілі  Әли  ад-Даббаг мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

«Бұл шешім   қауіпсіздікті  және  ирак армиясының  жауынгерлік дайындығын   қамтамасыз  ету  жөніндегі шараларды  күшейту   туралы   заң  жобасына   түзетулер   енгізілгеннен кейін  қабылданып  отыр.   Ол      Ирак күш-қуат құрылымдары қызметкерлерінің    үздік  дайындығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған», -  деп  мәлім етті  Әли ад-Даббаг.

НАТО-ның әскери  нұсқаушылары Иракта әскери операцияларға қатыспайды,  олар Ирак  үкіметінің   өтініші  бойынша 2004 жылдан  бері      қауіпсіздік күштерін  дайындаумен   айналысып  келеді.