Қаза болғандардың дені полицейлер, әскери қызметкерлер мен шенеуніктер. Естеріңізге сала кетейік, «Ирак пен Леванттың лаңкестік тобы» көлемі бойынша елде екінші қала саналатын Мосулды өткен жылдың жазында басып алған болатын. Бүгінде үкімет әскері шаһарды содырлардан азат етуге барын салуда. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Ирак аумағының 3/1 бөлігі осы аталмыш топтың бақылауында.