Бүгін түнде өңірдегі Балад қаласында бірнеше шабуыл жасалған болатын. Алдымен жанкешті өзін шиіттер үшін киелі орынның қасында жарып жіберген. Артынша бұл жерге бірнеше содыр баса-көктеп кіріп, атыс ашты. Сондай-ақ киелі орын маңындағы аумақ зымыранмен атқыланыпты. Шабуылдарды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған. Соңғы мәлімет бойынша, құрбандардың саны 40 адамға жеткен. Тағы 75 тұрғынның жарақат алғаны белгілі.
фото: 24.kz