Иракта әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
19:17, 16 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак әскерінің Ми-17 тікұшағы ел астанасы Бағдадтан оңтүстікке қарай жерде апатқа ұшырады, деп хабарлады AFP.
Ирак қарулы күштерінің өкілі Яхья Расул хабарлағандай, бортта болған тоғыз адам қаза тапты.
Оның мәліметінше, тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болған, деп хабарлады Росбалт.