Полиция ақпаратына қарағанда, Бағдаттың солтүстік ауданындағы Шуль базарында мина қойылған көлік жарылған. Тағы бір машинаға орнатылған жарылғыш құрылғы Ирак астанасының орталығы Каррада іске қосылған.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Бағдаттың солтүстік-шығысынан 60 шақырым жердегі Бакуба өлкесінің Шатиб елді мекенінде жерлеу рәсімі барысындағы лаңкестік әрекет салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, тағы 25-і жарақаттанған еді. Полиция мәліметтеріне қарағанда, жерлеу рәсіміне арналған шатыр ішінде 3 бомба жарылған.
БҰҰ мәліметтеріне сәйкес 2013 жыл Ирак үшін қан көп төгілген жыл болып отыр. Соңғы 5 жылдың ішінде түрлі шабуылдардың салдарынан 9 мыңға жуық адам қаза тапты.