Иракта ДАИШ содырлары отыз жасөспірімді жазалады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Эр-Рамади қаласында лаңкестер жағында соғысудан бас тартқан жасөспірімдер өлтірілді, деп хабарлады Реседің «Бірінші арнасы» «Ас-Сумария» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Эр-Рамадидағы әскери іс-қимылдардан кейін қала толықтай үкімет әскерінің бақылауына өтті. Қаланы тастап шыққан лаңкестер олармен бірге соғысудан бас тартқан жасөспірімдер тобын Мосулға алып кеткен.

Содырлар 16 жас мөлшеріндегі жасөспірімдерді орталық алаңға өлтірген.